Құрметті достар!
Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің бірнеше жылғы жұмысында біз балалардың құқықтарын қорғау мен бала құқықтары саласындағы Қазақстан Республикасының заң актілерінің, халықаралық Конвенциялардың сақталуы, мемлекеттік қызметкерлер мен педагогтардың ақпараттану деңгейін өсіру бойынша маңызды сұрақтарды қоғам арасында көтере алдық, мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен бірлесе жұмыс жасай алдық.
Қанша кездесулер болды, ересектер және балалармен қаншама әңгімелесулер орын алды – оларды біз әрдайым жариялай алмадық, себебі адамдар өздерінің жеке, маңызда жағдайларымен бөлісті. Ақтөбелік балалардың тікелей департамент мамандарына келіп өздерінің заңды құқықтарын қорғауға белсенді қатысқандарының өзі қуантарлық жағдай.
Жылдан жылға кішкентай бүлдіршіндеріміздің құқықтарын қорғауда мол тәжірибе жинап жатырмыз. Нәтижесі: бақытты жүздер, балалармен жұмыс жасайтын мамандардың жауапкершіліктерінің артуы.
Біздің балаларымыз үшін балалық шақ дамудың шынайы жарқын және қанық сатысы болсын! Департамент баланың өзекті мәселелерін шешуге, Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес әрқайсысын қорғауға дайын.
Ақтөбе облысы
Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры
Күлпаршын Айдарханова






















